Тұрғын үй көптеп салынып жатқан қалалар

2018 жылдың қаңтар-қазан аралығында Қазақстанда 9,7 млн шаршы метрден астам баспана пайдалануға берілді. Бұл өткен жылғыдан 11,6 пайызға көп.

Статистика комитетінің мәліметінше, 14 өңірде өсім бар. Соның ішінде ең көбі Жамбыл облысы былтырғыдан 41,5 пайызға артық үй салса, екінші орында Маңғыстау облысы (+39.7 %) және Шымкент қаласы (+35.2%).

Ал былтырғыдан қарқыны азайған өңірлер Астана қаласы (-7.1 %) мен Павлодар облысы (—4.1 %).

Салынған үйлердің 88.3%-ы жер үйлер. Он айда 32 212 жер үй салынса, соның ішінде ең көбі Шымкентте былтырғыдан +451% артық, Алматы (+118.8 %) және Алматы облысы (+59 %).

Ал Қарағанды (-6.3%), БҚО (-4.2%) және Қостанай облыстарында (-0.9%) кеміген.

Ал көппәтерлі үйлердің құрылысы биыл 6% азайған.жыл басынан бері елде 85 990 мың пәтер салынды.

Соның ішінде көшбасшы Астана (20 660 пәтер), Алматы (11 972) и Манғыстау облысы (8 006), ал аутсайдерлер СҚО (987), Павлодар облысы (1 546) мен Қостанай облысы (2 471).

 

Оқыңыз:   Сағынтаев аяқталмай жатқан құрылыстар үшін әкімдерді есепке тартты