Трамп лотереялық грин кардты алып тастамақ

АҚШ президенті Дональд Трамп лотореялық грин кард бағдарламасын тоқтатуға бел шеше кірісті. 

«Бүгін бағдарламаны тоқтату процесін бастаймын. Конгрестен осы бағдарламаны жоюда әріптестік орнатуды сұраймын», деді президент журналистер алдында Ақ үйде.

Ертеректе Трамп лотореялық грин кард бағдарламасын әлеуетті иммигранттардың жеке сипаттарын қамтитын жүйемен алмастыру туралы бірнеше твит жариялаған еді.

Естеріңізге сала кетейік, бірер күн бұрын Нью-Йоркте ұйымдастырылған террорлық акттың бас айыпталушысы өзбек Сайфулла Сайыпов 2010 жылы аталған бағдарламамен АҚШ-қа келгені айтылуда. Дегенмен, ел билігі әзірге нақты мәлімет бермей отыр.

 

Оқыңыз:   Францияда қысқартуға ұшырағалы жатқан мемқызметкерлер ереуілге шықты