Трамп АҚШ-та туғандарға азаматтық беруді алып тастамақшы

АҚШ президенті Дональд Трамп заңсыз иммигранттардың АҚШ-та туған балаларына автоматты азаматтық алу құқығының күшін жоятын қаулы шығаруға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Axios басылымы.

АҚШ-қа бала туу үшін арнайы келетін шетелдік азаматтар мен заңсыз иммигранттардың бұл «қулығын» Трамп орынсыз деп санап отыр.

Трамптың аталған қаулысын енгізу үшін ел Конституциясына өзгеріс енгізу керек.

Оның айтуынша, жыл сайын туылатын балалардың 7,5 пайызы немесе 300,000 бүлдіршін әлгіндей жолмен туылады екен.

Трамп өз қаулысын қабылдайтынына сенімді болғанымен, сарапшылар оның мүмкін емес екенін, кемінде Конституцияға өзгеріс енгізу керектігін алға тартуда. Конституцияның 14-ші бабында былай делінген:

«Құрама Штаттарда және оның қарамағындағы аймақтарда туылған немесе натуралданған барлық адамдар Құрама Штаттардың және өмір сүріп жатқан штаттарының азаматы болып саналады».

Оқыңыз:   Жээнбеков Назарбаевпен қатынасының қалай өрбитінін айтты