Тимур Сүлейменов МЖӘ бойынша Үкіметке үш ұсыныс айтты

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік дамыту мәселелері бойынша ҚР Үкіметі отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің баяндамасы. 

Бүгінгі күні жалпы сомасы 139,5 млрд. теңгеге 116 шарт жасалды (мамырда, мен баяндама жасағанда 46 шарт жасалған болатын, 2,5 есеге өсті).

Жыл басынан бергі 10 ай ішінде 70 млрд. теңге сомасына 88 шарт жасалды. Мамырдан қазанға дейінгі кезеңде 59,5 млрд. теңге сомасына 70 шарт жасалды.

70 млрд. теңге сомасын құрайтын 53 нысан пайдалануға берілді. Құрылыс сатысында 69,5 млрд. теңге сомасындағы 63 нысан бар.

Жасалған 116 шарт бойынша мынадай жобалармен ұсынылған. Бұлар: Өскемен, Семей, Шымкент қалаларындағы Қостанай облысындағы Заречное және Затобольск кенттері, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Манкент, Қарасу және Ақбиік ауылдарында 45 білім беру объектісі (бала бақшалар, мектептерді күрделі жөндеу), 27 денсаулық сақтау объектісі;

17 мәдениет және спорт объектісі (Петропавл қаласындағы теннис орталығы, Ақтөбе қаласында мұз сарайы, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері );

Алматы облысында 7 сервистік-дайындау ортылықтары;

Ақтөбе, Теміртау, Қарағанды, Жезқазған және Балқаш қалаларындағы 5 офтальмологиялық мекеме;
Ақтау, Ақтөбе, Лисаков және Павлодар қалаларында 4 тұрмыстық және әлеуметтік объектілері;

Энергетика, жолаушыларды тасымалдау саласындағы республикалық 3 жоба;

Қарағанды, Қызылорда және Шымкент қалаларында 3 емхана;

Атырау және Екібастұз қалаларында көшелерді жарықтандыру бойынша 2 жоба;

Астана қаласында 1 бейнебақылау жүйесі («СЕРГЕК»), Ақтөбе қаласында 1 жедел медициналық көмек станциясы және Алматы қаласында 1 қоғамдық көлікті диспетчерлеу.

Қосымша, мемлекеттік органдардың есептеріне сәйкес әртүрлі дайындық сатыларында жалпы сомасы
1,7 трлн. теңгені құрайтын 431 жоба тұр.

Олардың қатарында республикалық деңгейде 15 жоба пысықталуда (906,5 млрд. теңге). Жергілікті деңгейде 760,6 млрд. теңгеге 416 өңірлік жоба дайындалуда.

Республикалық жобалар бойынша.

Бүгінгі күні 2015-2017 жж. аралығында конкурс/шартқа қол қою сатысында Инвестициялар және даму министрлігінің 3 жобасы (ҮАААЖ, Транспорт Тауерді жарықтандыру, Нұржолы өткізу пункті) ғана шықты Қалған ОАО жобалары конкурсқа дайындау сатысында.

Өңірлердің белсенділігін мына көріністен байқауға болады. Жүргізілген орталықсыздандыру және әкідіктерге МЖӘ жобаларын өз бетінше дайындау және қарау өкілеттігін беру жалпы МЖӘ жандандырды.

Жоғарыда аталған шарттардың (116) негізгісі өңірлердің үлесі келеді. Өңірлерде барлығы 93,3 млрд. теңге сомаға 113 МЖӘ шарты жасалды. Қосымша, Шығыс Қазақстан облысының 64 МЖӘ шарттары (кіші бала-бақшалар бойынша) қазынашылық органдарда тіркеу сатысында.

Шарт жасасу бойынша көшбасшы Қарағанды (21), Қостанай (17), және Оңтүстік Қазақстан облыстары (13) болып табылады.

Бұл ретте, инвестиция көлемі бойынша (жобаның құны бойынша) Ақтөбе (16,6 млрд. теңге) және Астана қаласы (15,1 млрд. теңге).

Оқыңыз:   Чехтар Қазақстанның машина құрастыру мен телекоммуникациясына қызығып отыр

Кейбір облыстар бойынша әзірге «төмен» көрсеткіштер байқалуда. Оларда дайындық үстіндегі жобалар бар, сол бойынша жұмысты жеделдету қажет.

Тамыз айында Парламентке МЖӘ тетіктерін одан әрі жетілдіру және оңайлату бойынша заң жобасы енгізілді. Аталған заң жобасын Мәжіліс мақұлдады, қазіргі уақытта Парламент Сенатында. Заң жобасында көзделеді:

1) 5 кезеңнің 2-ін алып тастау арқылы рәсімдерді оңтайландыру, атап айтқанда:

— жеке кезең ретінде тұжырымдаманың мазмұнын тұжырымдаманы конкурстық құжаттамаға интеграциялай отырып әзірлеу;

— және республикалық және жергілікті деңгейдегі шарт жобаларының сараптамалары көзделеді.

ББӘ — конкурстың ұйымдастырушысы өз заң қызметін тарта отырып, ұқсастығы бойынша конкурстық өтінімдердің сараптамасымен бірге шарттар жобаларының сараптамасын дербес жүргізеді.

Жиынтығында аталған өзгерістер МЖӘ жобаларының келісу және сараптамалар мерзімдерін қазіргі 7 айдан 3 айға (65 ж.к.) дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

2) Бағдарламалық МЖӘ енгізу. Салалық мемлекеттік орган мемлекеттік бағдарлама арқылы өздерінің стандартталған (біртекті) МЖӘ жобаларын ерекше жоспарлау рәсімдерін салалық ерекшеліктерді ескеріп орната алады. Осы механизм жалпыға белгіленген тәртіпте қарастырылған, сараптамадан өту қажетінсіз, жоспарлауды қысқа мерзімді орнатуға мүмкіндік береді.

3) тұтыну кепілдігін 3 жылға және көбірек жылдарға беру. Ол инвесторлардың көп жылдық капитал жұмсалымын жоспарлауға мүмкіндік береді.

2. Бұрын әзірленген 10 үлгілік жобаға, қосымша, Батыс Қазақстан облысының нақты жобаларының мысалында жаңа келісімшарттар түрлері бойынша 4 жоба әзірленді: автомобиль жолдарына сервистік қызмет көрсету, медициналық жабдықтар лизингі, емхананы сенімгерлік басқару, мектептерге сервистік қызмет көрсету.

Қызылорда, Ақтөбе облыстарында, ОҚО, БҚО және т.б. бала-бақшалар, емханалар, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері сияқты 41 жобаны құрылымдау кезінде үлгілік құжаттамалар пайдаланылған болатын.
Өңірлер енді көрсетілген құжаттаманы үлгі ретінде пайдалана алады. Ол конкурстық құжаттама мен шарттар әзірлеу мерзімін оңтайландыруға мүмкіндік береді.

3. Тұтас республика бойынша сәтті іске асырылған жобалар тәжірибесіне мүмкіндік беретін инвесторлар үшін Біріңғай МЖӘ жобалары базасы іске қосылды.

4. Ағымдағы жылғы мамырда, өзгертілген тәсілді ескере отырып, міндеттемелерді қабылдау лимиттері МЖӘ бойынша ЖАО үшін 351,1 млрд. теңгеден 612,1 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылды.

5. Сіздің тапсырмаңызға сәйкес МЖӘ шарттарын тіркеу мәселесі шешілді. Қазынашылық комитеті 10 маусымнан бастап МЖӘ шарттарын тіркеуді жүргізуде.

10.06.2017 ж. бастап Қазынашылық комитеті 66,9 млрд. теңге сомасына 51 МЖӘ шартын тіркеді.

Осы фактор туралы оң пікірлер түсуде, оның ішінде жобаны қаржылық тұрғыдан жабу (қарыздық қаржыландыру тарту) ықпалы. Бұрын жасалған (2017 жылғы 10 маусымға дейін жасалған МЖӘ шарттары) шарттарға тіркеу процесін жариялау ұсынылады.

Оқыңыз:   Адвокаттар Президентке ашық хат жазды

ЕДБ үшін өтімділігі жоғары төлем ретінде мемлекет тарапынан төлем жүргізуді көздейтін МЖӘ шарттарын пайдалану және тану мәселесі бойынша.

Заңнамада салынған қаражатты банктерге қайтару тетігінің болмауына байланысты Ұлттық Банк аталған ұсынысты қолдамайды.

Осыған орай, біз МЖӘ саласындағы заңнамаға өзгерістер енгізу шараларын қабылдадық.

Бюджет заңнамасын жетілдіру жөніндегі заң жобасында МЖӘ шарттары бұзылған жағдайда міндетті төлем көзделген.

Бұдан басқа, жоғарыда айтылғандай, Қазынашылық комитетінде шарттарды тіркеу басталды. Бюджет заңнамасында МЖӘ бойынша төлеу секвестрден қорғалған, Банктің шарт тарапынан шығуы көзделген.

Осыған байланысты, жоғарыда аталған заң жобасын қабылдау қорытындысы бойынша банк қызметі саласындағы заңға тәуелді актілерге тиісті түзетулер енгізу ұсынылады.

Осылайша, ағымдағы жылы шарт жасасу бойынша айтарлықтай ілгерілік байқалады. МЖӘ нарығын одан әрі жандандыру үшін заңнамаларға қажетті түзетулер қабылдануда, оның ішінде «Бағдарламалық МЖӘ» бойынша.

Тұтас алғанда қабылданып жатқан шаралардың оң әсерін алу үшін, мынадайлар ұсынылады.

Бірінші, «Бағдарламалық МЖӘ» жүзеге асыру үшін екі пилоттық саланы айқындау:

1) денсаулық сақтау сенімгерлік басқаруға беруге жататын объектілердің болуын және жаңа объектілер бойынша мен бұрыннан барларын реконструкциялар бойынша («Денсаулық» 2016-2019 жж. мемлекеттік бағдарламасы) ескере отырып, дайын жобалау-сметалық құжаттаманы.

2) білім беру пысықталатын мәселені енгізу бойынша «жан басына шаққандағы қаржыландыруды» орта білім беру ескере отырып (білім және ғылымды дамытудың 2016-2019 жж. арналған) мемлекеттік бағдарламасы.
Денсаулық сақтау, білім және ғылым министрліктеріне 1 ай мерзім ішінде пысықтауды және ұсыныстар енгізуі орынды деп санаймыз.

Екінші, кепілдік қамтамасыз ету бойынша. Ұлттық Банкке ұлттық экономика және қаржы министрліктермен келісе отырып, банк қызметі саласындағы заңға тәуелді актілерге тиісті түзетулер енгізу ұсынылады.

1) ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 445 (Қалыптастыру қағидаларын және провизиялар (резервтер) МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді тану бөлімінде (нақтырақ, инвестициялық шығындардың өтемақысы), оның ішінде өтімділігі жоғары кепілдік қамтамасыз етілетін концессиялық жобалар қаулыға өзгерістер енгізу ұсынылады.

2) МЖӘ жобаларын іске асыру үшін берілетін, өтімділігі жоғары кепілдікпен қамтамасыз етілген МЖӘ шарттары шеңберінде кепілді төлемдерді тану және қарыздар бойынша үйлестірілетін резервтер деңгейін төмендету бойынша Ұлттық Банк Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 147 қаулысына өзгерістер енгізу.

Министрліктің тиісті ұсыныстарымен Ұлттық Банктің атына ұсыныс жолданды.