«Тағы бірнеше банкке мемлекеттің қолдауы керек болады»

Kursiv.kz Халық банк басшысы Үміт Шаяхметовадан қазіргі банк секторы жайлы пікірін сұраған еді. 

Қазір елдегі банк секторындағы жағдай тұрақты. Бірақ ол бірінші кезекте мемлекеттік қолдаудың арқасы. Қаржы нарығы қатысушыларының пікірінше, таяу арада тағы да бірнеше екінші деңгейлі банкке мемлекеттің қаржылық қолдауы керек болмақ. Дегенмен, бұл мемлекет оларға бас салып көмектеседі деген сөз емес.

«Банк секторындағы оң өзгерістер былтырғы Ұлттық банктің елдегі ірі банктерге көрсеткен қаржылық қолдауының нәтижесі. Алайда, мәселе әлі де толығымен шешілген жоқ», — деді Шаяхметова.

Оның айтуынша, қазіргі таңда банк секторындағы ең ірі мәселенің бірі банктердің экономиканы несиелеу көрсеткішінің азаюы. Қазір банктерге қолақша өте көп, бірақ ол экономиканы қаржыландыруға жұмсалмай жатыр.

Халық банк басшысының айтуынша, бірінші кезекте бұған Ұлттық банктің қатаң саясаты кінәлі.

«Алдағы уақытта салада теріс сценарий сақталады деп ойлаймын. Бірақ мемлекет қай банкті құтқарып, қай банкті құтұқармайтынын мен қазір айта алмаймын. Менің ойымша, салада айтарлықтай орны жоқ шағын банктер қиындық жағдайында лицензияларынан айырылып қалуы ықтимал», — деді Шаяхметова.

Оның айтуынша, орташа банктердің мәселесі тікелей клиенттер базасына байланысты. Егер клиенттері мен депозиторлары маңызды тұлғалар болса, мемлекет көмектесуі тиіс.

 

Оқыңыз:   Қазақтар ресейлік банктерден бас тартып жатыр