«Союз» зымыранының құлағанының кесірінен жерге 22 мың тонна жанармай төгілді

«Союз» зымыран тасығышының құлағаны кесірінен Қазақстан даласына 22 тонна жанармай төгілді, деп мәлімдеді қорғаныс және аэроғарыш министрінің орынбасары Марат Нұрғожин.

«Жанармайдың негізгі жанған уақыты 47 км биіктікте. Қалған 22 тонна керосин мен кислород жерге төгілді», деді министр орынбасары.

Оның айтуынша, керосиннің шектен шыққан көлемі жоқ. Яғни ешқандай қауіп жоқ.

«Дегенмен, зерттеп көреміз де, егер бірдеңе дұрыс болмаса айтамыз», деді.

Оқыңыз:   Ең танымал мобильді қосымшалар