Сингапур компаниясы Қарағанды облысында МӨЗ салады

Қарағанды облысында 300 млрд теңгеге жаңа мұнай өңдеу сауыты салынбақ.

ARP компаниясының бас директоры Ержан Сырымовтың айтуынша, жобаның инвесторы R Way Solution PTE Ltd. Жобаны іске асыру үшін Атасу ауылы жанынан 100 гектар жер бөлінді.

«Жоба әлі басталған жоқ. Қазір жобалау жұмыстары жүріп жатыр. Одан кейін құрылғы сатып алуымыз керек. Құрылыс жұмыстары құрылғылар келгеннен кейін басталады. Жоба 2019 жылдың көктемінде басталады деп жоспарлануда», — дейді бас директор.

Жоспар бойынша мұнай өңдеу зауыты жылына 1 млн тонна мұнай өнімлерін шығармақ. Атап айтар болсақ, онда АИ-92, АИ-95, АИ-98 жанармайлары, қысқы солярка мен Jet A-1 реактивті отыны шығарылмақ.

Оның айтуынша, шикізат ол жерге Қостанай облысындағы мұнай кен орнынан әкелінеді.

Оқыңыз:   Халықаралық "Еуразия" энергетикалық консорциумы құрылды