«Сергек» миллиард теңгеден астам «табыс тапты»

Мемлекеттік бюджетке «Сергек» фото және видеофиксациясы арқылы 1 млрд 270 мың теңге кіріс кірді.

Айта кетейік, «Сергектің» орнатылғанына енді ғана бір жыл толды.

Жоспар бойынша Астана қаласында көшелерге 6000, аулаларға 7000 камера қою жоспарланған. Жыл соңына дейін бұл жоспар орындалып қалмақ.

Сонымен қатар, камералар көпшілік жиналатын жерлерге, сауда орындарына да қойылмақ.

«Сергек» пайда болғалы бері қалада ЖКО (жол-көлік оқиғасы) 53 пайыз азайған екен.

Оқыңыз:   Назарбаев Қазақстанда "жасыл энергетиканы" дамытуға шақырды