Самат Смақов «Ақтөбе» футбол клубын сатып алды

Бір кездегі «Ақтөбе» клубының капитаны, 2018 жылдан бері клубтың бас директоры Самат Смақов Ақтөбе клубын сатып алды. 

Клуб 108 млн теңгеге сатылды. Жеті жылға дейін сома толық төленгенге дейін клуб Смаковта сенімгерлік басқаруда болады. Сол уақыт аралығында клубтың жұмысы сол қалпы сақталуы керек.

Сенімгерлік басқару кезінде Смаков клуб басшылығы мен бапкерлерді ауыстыру мен тағайындауда клубтың қазіргі иесімен ақылдасуы керек.

Сенімгерлік басқару кезінде клубты үшінші тарапқа сатуға, кепілге қоюға, клуб иелігіндегі нысандарды да сатуға және кепілге қоюға болмайды.

Сонымен қатар, клуб осы уақыт аралығында өзі қатысуы тиіс Қазақстандық және УЕФА-ның барлық жарыстарына қатыстырылуы керек.

Клубта жұмыс істейтін персоналдың кемінде 75 пайызы орындарында қалуы керек.

Түскен табыстан клубтың нысандары жөнделуі керек.

Санитарлық және экологиялық талаптар сақталуы керек.

Негізсіз несие және дебиторлық қарызға кірмеуі тиіс.

Жалпы Ақтөбе облысында балалар футболының дамуына үлес қосуы керек.

Оқыңыз:   Жамбыл бизнесмендері ұзақмерзімді арзан ақшаға мұқтаж