Рубльдің кесірінен Қазақстанда үй бағасы қымбаттауы мүмкін — сарапшы

Қазақстан жылжымайтын мүлік федерациясының президенті Ермек Мүсіреповтың айтуынша, қазіргі таңда үй бағасының арзандау үрдісі сақталуда, деп жазады lsm.kz.

«Жаңадан салынған үй бағасы 5-10 пайыз арзандады, ал енді салынған үйлер өз бағасын түсірмей тұр. Нарықты ұстап тұрғаны да солар», — дейді сарапшы.

Оның айтуынша, жыл соңына дейін үй бағасы көтерілмеуі тиіс. Бір шаршы метрдің бағасы нарықта қолжетімді деңгейге төмендеген кезде ғана сауда қайта жанданбақ. Дегенмен, бұл келер жылы да бола қоймайтын нәрсе.

Ал доллар бағамының құбылуы туралы сарапшы ешқандай да уайымдаудың қажет еместігін айтады. Оның айтуынша, баға теңгемен белгіленгендіктен, доллардың құны үй бағасына әсер етпейді.

Ал сарапшы Мария Реннің айтуынша, жаңа үйлердің бағасы жыл соңына дейін тұрақты сақталуы тиіс. Бірақ маусымдық науқанға байланысты аздап қымбаттауы да ықтимал. Ал қайталама нарықтағы үйлерге сұраныстың аздығынан баға қымбаттамайтыны анық. Тіпті, қайталама нарықтағы үйлер айына 1,5 пайызға дейін арзандауы ықтимал.

Ал THS Group құрылыс компаниясының директоры Қайрат Құдайберген, керісінше, рубльдың қымбаттауымен Қазақстанда үй бағасы шамамен 10 пайыз қымбаттайды деп болжайды.

Оқыңыз:   Елбасы 26-бапты өзгертпеуді ұсынды