Риэлторлардың пайдасы артып келеді

Бір айдың ішінде жасалған сату-сатып алу келісімінің саны 19,5 мыңға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 26 пайызға артық. 

Биыл алғашқы жартыжылдықта жылжымайтын мүлік саласында көрсетілген қызмет көлемі 390,35 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың осы уақытындағы көрсеткіштен 7,8% артық.

Риэлторлық қызметтердің 40%-ы Алматы қаласына, 20,8%-ы Астана қаласына тиесілі.

Осылайша, риэлторлық қызмет айналымы 2013 жылдан бергі рекордтық деңгейге жетіп отыр.

Айта кетерлігі, үй бағасы өткен жылғымен салыстырғанда қайталама нарықта 1,7% азайды.

 

Оқыңыз:   Қытайдан келетін дәрі-дәрмек импорты 30 есеге өсті