Пропаганда үшін «Хабар» мен «Қазақстан» арналары мемлекеттен қанша қаржы алады?

Ақпараттық мемлекеттік тапсырыс аясында бюджеттен ең көп алатын ақпарат құралы Qazaqstan телерадиокорпорациясы.

Мемлекеттік тапсырысты ең көп алатын 10 бұқаралық ақпарат құралы бір жылда бюджеттен шамамен 40 млрд теңге алады екен.

Бұл соманың шамамен тең жартысы 18 млрд 893 млн теңге бір ғана Qazaqstan телерадиокорпорациясына тиесілі.

Екінші орында «Хабар». Оған мемлекет пропоганда үшін 13 млрд 949 млн теңге береді.

Үшінші орында «Қазконтент» АҚ. Компания былтыр бюджеттің 1 млрд 240 млн теңгесіне тапсырыс орындаған.

Бұлардан бөлек ТОП-10-да AlmatyTV, Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат және архив комитетінің Талдау және ақпарат орталығы, «Егемен Қазақстан» Республикалық газеті» АҚ, «Казахстанская правда», «Қазақпарат», AstanaTV мен «Атырау-Акпарат» ЖШС бар.

Мемлекеттік тапсырысты ең көп орындайтын өңірлер Астана мен Алматы қалалары болса, ең азы БҚО, Қостанай мен Маңғыстау облыстары екен.

Оқыңыз:   Тележұлдыз Тәуекел Мүслім өз есімімен аталатын иіссулар шығара бастады (ФОТО)