Президент Жолдауының құны қанша?

Жолдауда негізінен бизнес пен әлеуметтік салаға қаржы аянбай бөлінетіні айтылды.

Осыған орай, Naryk.kz редакциясы мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін қосымша қанша қаражат керектігін есептеп көрген еді.

Атап айтар болсақ, 600 млрд теңгені шағын және орта бизнесті дамыту үшін Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерге ұзақ мерзімге береді.

Тағы 500 млрд теңгені өңдеуші өнеркәсіпті дамыту үшін шетелдік инвесторлармен бірлескен қаржылландыру жұмыстарына тартпақ. Дегенмен, оның қаржыландыру көздері әзірге нақтыланбады.

Бюджет қызметкерлері мен ең төменгі жалақыны көтеру үшін республикалық бюджеттен жылына 96 млрд теңге (үш жылда 288 млрд теңге) бөлінбек.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын 2025 жылға дейін созу үшін тағы 30 млрд теңге,

Шаруаларға жаңа технология үйрету үшін 100 млрд теңге,

Үш ауысымды және апатты мектептер мәселесін реттеуге бюджеттен 50 млрд теңге

Учаскілік медицина қызметкерлерінің жалақысын 20 пайызға арттыру үшін 5 млрд теңге,

Бұдан бөлек, жергілікті жолдарды жөндеу, дене шынықтыру нысандарын салу, мектеп пен балабақша салу, онда бақылау камераларын орнату, өңірлерді дамыту секілді бастамалар көтерілгенімен, оны қашан және қандай ақшаға орындалатыны нақтыланбады.

Жалпы, нақтыланған бастамаларды орындау үшін бюджеттен 1,2 трлн теңгеге жуық қаражат бөлінуі тиіс.

Оқыңыз:   Назарбаев ертең 2019 жылғы Жолдауын жариялайды