«Орта табыс тұзағы» — қазақтардың басты мәселесі

Бүкіләлемдік банк, макроэкономика және бюджеттік саясат жөніндегі жаһандық тәжірибе департаментінің директоры Джон Панзердің «орта табыс тұзағы» туралы пікірі.

Орташа деңгейден жоғары табыс деңгейіне табысты өтетін елдер некен-саяқ. Сол кезде тұзақ деген термин пайда болды, «тұзақ» дегеніміз не? Егер табыс тұрғысынан қарайтын болсақ, бұған екі тұрғыдан қарайық. Бірінші классификация – бұл елдің төмен, орташа, жоғары табыс деңгейі. Мұндай классификацияны көбінесе Бүкіләлемдік банк сияқты институттар әзірлейді. Ал жоғарғы деңгей бұл жан басына шаққанда 13 мың доллар.

Мұндай табыс деңгейі бар елдер көп. Әсіресе, соңғы 20 жылда мұндай елдердің қатары көбейді. Конвергенция теориясы бойынша ең бай адамдарды есептеп қарайтын болсақ, онда сенің кірісің адам басына шаққанда АҚШ-қа қарағанда шамамен 60%-ды құрайды деген сөз. Онда бұл адам басына шаққанда 38 мың доллардан келетін деңгейді көрсетеді, бұл – қазіргі Жапония, Корея елдері. Кірістердің жоғары деңгейін көрсететін әр түрлі анықтамалар бар. Сондай-ақ Бүкіләлемдік банктің анықтамасы бар.

Екіншіден, «тұзақ» дегеніміз не? Тұзақ деп атау үшін бұл жағдайда қанша жыл өмір сүру керек. Бұл бізді неге әкеледі. Орта кіріс тұзағын бүгінгі талқылау біздің ортамызда отырған даму мәселесі бойынша жұмыс істейтіндерге тиімді болған сияқты. Яғни пікірталастар мәселені жылдам шешпейді. Өйткені конвергенция баяу. Мұның барлығы шындығында өте баяу жүреді. Кейде бір ұстанымды ұстаудан қашқақтайтын болсақ, ол осы мәселені қарастырып жатқан ел үшін тиімді болып жатады. Мысалға алатын болсақ, бүгінгі осы конференцияны алайық. Кеше біз кездесіп, Қазақстанның және басқа елдердің «біз орташа табыс тұзағында болғымыз келмейді, бізге одан әрі ілгерілегіміз келеді» деген ұмтылысы осы тұзаққа түспеудің жолы дер едім. Әрине, жоғары кіріс дәрежесіне, өсу стратегиясына көшуде бір нәрсе үйренуге болады.

Сіздердің жүріп өткен жолдарыңыз көздеген мақсаттарыңызға жеткізбеуі мүмкін. Қазақстан секілді елдер, дамушы елдердің көпшілігі осы мәселемен айналысуда және кіріс деңгейі жан басына шаққанда 38-39 мың доллар болатын АҚШ-тың деңгейіне жету – ұзақ жол және оны еңсеру үшін үлкен жұмыс атқару керек. Бұл өнімділік пен инновациялардың өсіміне бейімделу мен баса назар аударуды талап етеді. Бұл тұрғысынан аталған елдердің дамыған елдерден үйренері көп.

Оқыңыз:   2016 жылы ең көп несие берілген салалар анықталды

Алдыңғы қатарлы елдерде өзгерістерге бейімделу үшін арнайы күштер, инновациялар мәдениеті, өнімділік пен өсімді кірісті басқаруға тұрақты ұмтылыс бар, меніңше, оларды біздің дамушы елдер көшіруіне болады. Саясат мәселесіне не итермелейді? Өсім кезеңдерін сипаттайтын кітаптар көп, бірақ олардағы мәліметтер бір-бірімен қабыспайды. Әрине, ұзақмерзімдік өсім аяқ астынан пайда болмайды. Бәлкім, жауһар немесе мұнай тауып, ісіңіз өрге басар, бірақ ұзақмерзімдік табыс, өсім кенеттен болмайды. Ол – мемлекеттік саясаттың жемісі, бұл мемлекеттік органдардың кәсіпкерлермен, жекеменшік сектормен бірлесіп атқарған жұмысының нәтижесі және бұл мәселеде төрт сала бар. Олар жайлы бүгін талқылайтын боламыз. Өнімділік пен инновацияның ұзақмерзімдік өсіміне қол жеткізу үшін олар аса маңызды деп санаймыз. Біріншіден, макроэкономикалық зерттеулер бойынша ұзақмерзімдік жоспарда қуатты қабілетсіз өсімге жету мүмкін емес. Онсыз инфляцияны, дағдарысты бақылауға алып, бағаның құбылушылығына төтеп беру мүмкін болмайды. Осыдан 50 жыл бұрын байып кетуі тиіс елдердің жағдайын көріп отырмыз. Бірақ олардың макроэкономикасына қарайтын болсақ, әрбір 10 жыл сайын макроэкономикалық дағдарыстардың үш кезеңін бастан өткергенін көруге болады. Мұндай жағдайда ұзақмерзімдік өсім тұрғысынан ештеңеге қол жетпейтіні анық.

Екіншіден, қуатты институттар мен заңның үстемдігі, мемлекеттік басқарудың сапасы, көшбасшылықтың тиімді жүйесімен бірлесіп жемқорлықты бақылауда ұстау ұзақмерзімдік өсім үшін аса маңызды. Үшіншіден, білімге құйылған инвестиция және адам капиталы екені айдан анық. Өнімділікті жақсарту дәрежесі және техникалық инновациялар көп жағдайда жоғары білікті адам капиталының пайыздық көрсеткішіне байлаулы болмақ. Мен бұл жерде Латын Америкасын мысал еткім келеді. 200 жылдан бері тәуелсіз, орта кірісті елде әлемнің үздік 400 университетінің қатарына енетін бірде-бір университет жоқ. Соңғысы, төртіншісі, ресурстарды тиімді бөлу және бейімделуге, жақсаруға, тиімділікті арттыруға, білім мен инновациялардың кең таралуына ұмтылушылықты қамтамасыз ететін бәсекеге қабілетті нарықтарды ашу. Кірістің жоғары деңгейіне жету уақыт пен қыруар жұмысты талап етеді. Мұнда жылдам тәсілдер болмайды, бұл – үлкен аламан.