Назарбаев қазақ кәсіпкерлерді стартаптарды қолдауға шақырды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев QazAngels бизнесті жебеушілер клубын құру керектігін айтты.

«Стартаптың ең басты бөлігінің бірі қаржылай қолдау, әрине. Сол үшін біз Бизнесті жебеушілер клубын (QazAngels), Венчурлік капиталистер қауымдастығын және Бірлесе инвестициялау қорын құрамыз. Менің ойымша, үкімет те, мына барлық қор да осымен айналысатын (инновациямен — Авт.) талантты жастарды белсенді қолдайтын болады», — деді Президент Astana Hub ашылуында.

Назарбаев қазақстандық компанияларға, әлеуметтік бизнес-нысандарға стартаптарды қолдауға тапсырма берді, олар келісімшарт жасасып, олардың жұмысын коммерцияландыруы тиіс.

«Бұл бастамалардың жүзеге асуына қатысуға барлық бизнесменді шақырамын. Менің ойымша, олардың барлығын арнайы жинап, қолға алу үшін тиісті тапсырма беру керек. Оны премьер-министр бақылайтын болады», — деді Президент.

Ақорда сайтының мәліметінше, бизнесті жебеушілер клубына QazAngels атауы берілген.

IT-стартаптардың халықаралық технопаркі Astana Hub ашылуында Назарбаев инновацияны дамытуға баршаны белсенді қатысуға шақырып, Astana Hub әлемдік танымалдық жолында трамплинге айналатынына үміт артатынын айтты.

«Сіздермен бірге күшімізді біріктіріп, барлық қойылған мақсатымызға жылдам әрі тиімді жетеміз деп сенемін. Ал мақсатымыз айқын, белгілі. Бірақ біз, қазақстандықтар, бүкіл әлемнен қалыспауымыз керек, біз қазір жылдам жылжып келе жатқан бұл пойызға секірмесек, өзге елдердің соңында сүйретіліп жүреміз, Кеңес Одағы әрдайым сондай болған еді, біз одан да нашар боламыз. Біз оны қаламаймыз. Қазақстан — бүгінде посткеңестік кеңістіктегі реформалардың шапшаңдығы, жан басына шаққанда экономиканың дамуы мен көлемі бойынша озық мемлекет. Бізде барлық мүмкіндік бар, қаржы және техникалық, білім беру, осыны қолға алайық, біздің жастар елімізді жаңа технологиялар дәуіріне, озық дәстүрге жетелейді деп үміттенемін», — деді Мемлекет басшысы.

Президент технопарк қатысушыларының жеңілдетілген визаларды, еңбек тәртібін қолдана алатынын және оларға салықтық және өзге де жеңілдіктердің берілетінін айтты. Astana Hub базасында менторлық институт құрылды.

Оқыңыз:   Ресей ғарышқа андроид робот жөнелтпекші (ВИДЕО)

«EXPO болмағанда мына ғимараттар да болмайтын еді. Мен стартаптарды дамыту үшін арнайы үлкен корпус тұрғызбақшы едім. Бірақ енді біз елімізде сәтті өткен EXPO көрмесінен кейін дайын ғимараттарды қолдана аламыз. Негізгі міндет — ақылды, талантты, қолынан іс келетін жастарға қолдау көрсетіп, көмектесу. Біз барлық жағынан жеке бастамаларға қолдау көрсетеміз, бағдарламалау мектептеріне, роботтехника мен киберспорт бойынша олимпиадаларға», — деді Президент.