Назарбаев халықаралық криптовалюта құру туралы ұсыныс айтты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана экономикалық форумында халықаралық криптовалюта құру туралы ұсыныс айтты. 

«Әлемдік қаржылық архитектураның келбетін өзгертетін уақыт жетті. Халықаралық есептеу-төһлем бірлігін енгізу мәселесін қарау керек. Ол дүние жүзінде валюталық соғысты, спекуляцияны тоқтатып, нарықтағы келеңсіздіктердің алдын алар еді. Валюта эмиссияның қарапайым, транспарентті механизмге негізделуі тиіс. Цифрландыруды ескере отырып, технологияға негізделген бұл жаңа валюта криптовалюта бола алар еді», — деді Назарбаев.

Елбасы осы бастамаға өзгелерді де қосылуға шақырды.

«Біз G-Global-ға тек G-20 елдерінің ғана емес, бұл бастамаға басқа елдердің де қосылуын ұсынамыз. Ол үшін орталық банктердің пулын құру керек. Мәселен, оны БҰҰ-да арнайы комитет ретінде құруға болады. Оның миссиясына барлық елдің әділ қолжетімділігін қамтамасыз ету керек. Әрине, мәселе күрделі. Бірақ мұны шешуіміз керек», — деді Елбасы.

Оқыңыз:   2017 жылға макроэкономикалық шолу