Назарбаев Финляндия мен Бельгияға барады

Ақорда Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасын жариялады. 

Қазақстан Президенті биылғы 16-17 қазанда Финляндия Республикасына ресми сапармен барады.

Сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаевтың Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистёмен шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесуі, сондай-ақ Финляндияның іскер топтар өкілдерінің форумына қатысуы жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы биылғы 18-19 қазанда Бельгия Корольдігінің Брюссель қаласында өтетін «Азия-Еуропа» форумының (АСЕМ) 12-ші саммитіне қатысады.

Оқыңыз:   БЖЗҚ ақшасына салынып жатқан шығыс-оңтүстік желісі 2018 жылы аяқталады