Назарбаев тұрмыстық «қарапайым заттар шығаруды» тапсырды

Өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес экспортты қолдауға алдағы 3 жылда қосымша 500 миллиард теңге бөлінеді.

«Экономикалық саясаттың басты бағыты — экспортқа шығу. Әсіресе, шикізатты өңдеу саласына басымдық берген жөн», — дейді Президент биылғы Жолдауында.

Мемлекеттік органдар отандық кәсіпорындардың «қарапайым бұйымдар экономикасы» деп аталатын, халық көп тұтынатын тауарлар тізбесін шығаруды кеңінен игеруіне көмектесуі керек.

«Экспортқа бағытталған индустрияландыру экономикалық саясаттың орталық элементіне айналуы тиіс», деді президент.

Оқыңыз:   Қазақстанның импорттық тауарлары қымбаттады