Назарбаев тапсырмасынан кейін коммуналды қызмет қымбаттады. Әлі де өсе түспек

Тамыз айының қорытындысы бойынща, жылу және сумен қамту, электр қуаты, газ бен өзге де коммуналды қызмет түріне баға 5 пайыз қымбаттады. 

Атап айтар болсақ, үйді күтіп ұстау құны 8,4%; қоқыс шығару 4,8% қымбаттаған.

Сумен қамту және кәріз жүйелеріндегі баға ең көп қымбаттаған. Соның ішінде суық су құны өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 10,5% өсті. Ал ыстық су тарифы 3,5% қымбаттаса, кәріз жүйесі 9% қымбаттады.

Орталық жылыту құны 3,5%; табиғи газ 4,8% қымбаттады.

Өз кезегінде электр қуаты +9,7% өскен.

Естеріңізге сала кетейік, өткен апта мемлекет басшысы үкіметке коммуналды қызмет құнын батыл көтере беруді бұйырған еді.

Президенттің айтуынша, сонда ғана осы салаға шетелдік инвесторларды тарту мүмкін болмақ.

Оқыңыз:   Қытайдың Ankai автобустары Қостанайда шығарылады