Назарбаев алда болуы мүмкін девальвация туралы айтты

Кеше ҚР Президенті журналистерге берген сұхбатында теңгенің тағдырына тоқталды. 

Жұртты толғандыратын тағы бір сауал — теңгеге қатысты. Халық арасында «девальвация тағы болады» деген әңгіме есіп жүргені де белгілі.

«Оның бәрі алып-қашпа әңгіме. Дәл қазір оған ешқандай алғышарт жоқ. Теңгенің еркін бағамы дұрыс. Егер оны тізгінде ұстар болсақ, мемлекет қаржысын жұмсауға тура келеді. Әрине, мұнай бағасы 135 доллардан 40 долларға құлаған жағдайда күрт өзгерістер болады. Қазір ондай алғышарттар жоқ. Мұнай қазір 52-55 доллар бағаны ұстап тұр» — деді Президент.

Оқыңыз:   Ипотека мен автонесие азайып, бизнесті несиелендіру мен несие картасы көбейді