Мәлік Отарбаев Түркістан облысы әкімінің орынбасары болды

ҚР Президенті әкімшілігі келісімімен және облыс әкімі өкімімен Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметіне Мәлік Отарбаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәлік Нұржанұлы 1980 жылы Жамбыл облысы Свердлов ауданы Ақжар елді мекенінде дүниеге келген.

Білімі-жоғары. 2001 жылы Сүлеймен Демирель атындағы университетті «Халықаралық экономикалық қатынас» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2001жылы Әл-Фараби атындағы мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамашы болып бастаған. 2003-2006-ж.ж. осы білім ордасының аспиранты, 2006-2012 жылдары «Диалог Еуразия Қазақстан» журналының үйлестіруші-жауапты хатшысы, 2014-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт министрлігінің Халықаралық түркі мәдениетін дамыту, «ТҮРКСОЙ» ұйымының өкілі болып қызмет атқарған.

Бүгінгі таңға дейін Қазақстанның Туркиядағы Елшілігінің үшінші хатшысы болып жұмыс істеген.

Ал, бұған дейін облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған Ұласбек Сәдібеков басқа қызметке ауысына байланысты лауызымынан босатылды.
Оқыңыз:   Нығматулин үй мен мектеп салу арқылы экономиканы көтеруді тапсырды