Мұсылмандар ғылымға мән бермегендіктен ғалымдар батысқа кетіп жатыр — Ердоған

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанның айтуынша, бүгінде мұсылман мемлекеттері білім мен ғылымға көп көңіл бөлмейді.

Соның салдарынан озық ойлы ғалымдар Батысқа кетіп жатыр. Ал ақпараттық технологиялар саласындағы сауатсыздық барша мұсылман әлеміне қауіп төндіріп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кезінде Ислам әлемі білім, ғылым мен инновациялардың орталығы болды. Артынан соның барлығы екінші орынға түсіп кетті. Сол кезде тоқырау заманы басталды. Қазіргі кезде әлемдегі мұсылман халқының 55 пайызы сауатсыз. Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттерде білім беру саласына жалпы ішкі өнімнің 5,2 пайызын жұмсалады. Ал мұсылман елдерінде аталған көрсеткіш 1 пайызға да жетпейді. Біздің маңдай алды ғалымдарымыз болса, Батысқа кетіп, сол жақта қызмет етіп жүр», — деп атап көрсетті Ердоған бүгін Ислам ынтымақтастығы ұйымның ғылым және технологиялар жөніндегі саммитінде.

Оның айтуынша, қазіргі кезде мұсылман елдері ақпараттық технологияларды шығармайды. Алайда әрбір мемлекет ұлттық қауіпсіздігіне баса назар аударуы қажет.

Астанадағы саммитке Өзбекстан, Пәкістан, Әзербайжан, Ауғанстан, Иран, Түркия, Венесуэла, Камор аралдары, Мавритания,  және басқа да мұсыламан мемлекеттерінің президенттері мен үкімет басшылары келді.

Оқыңыз:   Toyota Camry 60 көлігінің америкалық түрі көрсетілді (ВИДЕО)