Мұнай теңгені сүйреп келеді

KASE-нің таңғы сессиясының қорытындысы бойынша, АҚШ долларының бағамы 2,01 теңгеге арзандап, 332,51 теңгеге теңесті. 

Ал Астана уақытымен таңғы сағат 11:00-де брент маркалы мұнай бағасы 64,19 долларға саудаланды.

Айта кетейік, кеше Сауд Арабиясының 11 ханзадасына қарсы жемқорлық бойынша қылмыстық іс қозғалуына байланысты мұнай бағасы қымбаттап кеткен еді.

 

Оқыңыз:   Қазақстанда 0,1 пайыздық несие пайда болды