Мұнай бағасы 2015 жылдан бері алғаш рет 60 доллардан асты

Астана уақытымен түнгі сағат 02:40-та брент маркалы мұнай бағасы 2,23 пайыз қымбаттап, барреліне 60,62 долларға саудаланды. 

Қара алтынның қымбаттауына ОПЕК басшылығы мен Сауд Арабиясының мәлімдесесі түрткі болды.

ОПЕК бас хатшысы М.Баркиндо Сауд Арабиясы мен Ресейдің мұнай өндірісін азайту туралы келісімді сақтап қалуға бейіл екенін хабарлаған еді.

Артынша Сауд Арабиясы энергетика министрлігі алдағы уақытта мұнай бағасын ұстап тұру үшін қолдан келетін барлық шараны қолға алатынын мәлімдеген еді.

Сонымен қатар, Иран мен Ирак айналасындағы шиеленісті жағдай да қара алтынның қымбаттауына жол ашып отыр.

Айта кетейік, қара алтын құны ең соңғы рет 2015 жылдың маусым айында 60 доллар болған еді.

 

Оқыңыз:   Үкімет үйінде мұнай-газ саласын дамыту мәселесі сөз болды