Мұнай бағасы екі жылдық рекордқа қымбаттады

2018 жылдың қаңтарында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері Лондондағы ICE биржасында өткен сауда-саттықта 2,2 пайызға көтеріліп, бір баррелі үшін 62,07 долларды құрады.

Brent мұнайы 62 долларға соңғы рет 2015 жылдың 2 шілдесі күні көтерілген болатын. Қара алтын бағасының көтерілуіне, сондай-ақ АҚШ-тағы бұрғылау қондырғылары санының динамикасы бойынша осы аптадағы мәліметтер әсер еткені хабарлануда.

 

Оқыңыз:   Қазақстан мұнайынан бас тартып шатыр