Мұнай айтарлықтай арзандады. Доллар 380 теңгеден асуы мүмкін

Кеше Астана уақытымен 23:00-дер шамасында қара алтын құны 70 доллардан 65 долларға бір-ақ құлдырады.

Қазір баға шамамен 65,60 доллар айналасында сақталуда.

Қара алтынның арзандауына АҚШ президенті Дональд Трамп әсер етті. Ол өзінің Туиттердегі парақшасында «Сауд Арабиясы мен ОПЕК мұнай өндірісін азайтпайды деп үміттенемін». Сарапшылардың айтуынша, Трамп алдағы уақытта ОПЕК-тің мұнай өндірісін азайтуына тоқтау салуы ықтимал.

Естеріңізге сала кетейік, Сауд Арабиясының Энергетика министрлігі қажет болса мұнай өндірісін азайтатынын айтқан еді.

Мұнайдың бұлай 7 пайызға дейін бір күнде күрт қымбаттауы алдағы бірер күнде доллардың теңгеге шаққандағы бағамын 380-нен асырып жібероуі ықтимал. Бұл онда абсолютті рекорд болар еді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен апта мұнай 72-ден 69-ға қымбаттағанда да доллар бағамы дүйсенді күні 5 теңгеге көтеріліп, 375 теңге болған еді.

Оқыңыз:   Болашақта базалық зейнетақы алынып тасталады