Минуттап көлік жалға беретін Anytime компаниясы Қазақстанға келді

Қазақстанда ірі каршеринг (көлікті жалға беру) компаниясы ашылды. Компанияның аты Anytime.

Компания иелері бұдан бөлек «Делимобиль» және «Делисамокат» деген де компанияларды ашқан.

Қазіргі таңда компанияның 100 көлігі бар. Көліктердің барлығы жаңа Volkswagen Polo көліктері.

Желтоқсан айында компания тағы 100 көлік әкелмек. Ал 2019 жылы компанияның Алматыда 500 көлігі болмақ. Ал 2021 жылы аталған көрсеткішті 1,5 мыңға жеткізу көзделіп отыр.

Әзірге каршеринг сервисі тек Алматыда ғана істейді. 2019 жылдан бастап Астанада да ашылмақ. Кейінірек Шымкентке де бармақшы.

Anytime сервисінің қызметі қарапайым. Қолданушы ұялы телефоннан қосымша жүктеп алып, тіркеліп, өзінің суреті мен жүргізуші куәлігін жүктеп, аккаунтқа өзінің банк картасын тіркеу керек.

Көліктер қаланың әр жеріне «шашылып» тасталған. Жақын деген жерде бос тұрған көлікті алып, барған жеріңізге қалдырып кете бересіз. Қызмет құны минутына 19 теңге, ал тәулігіне 13 мың теңге.

Оқыңыз:   Алматыда тегін кино көрсетіледі