Кино және дыбыс жазу студияларының пайдасы айтарлықтай көбейді

2018 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында кино, бейнефильм, телебағдарламалар мен музыкалық өнімдерден түскен пайда 40 млрд теңге болды.

Өткен жылдың осы уақытымен салыстырар болсақ, продакшн студиялардың табысы 42,5% артты.

Соның ішінде фильм мен телеөнімдер шығаратын компаниялар 18,1 млрд теңге тауып, табыстарын 54,8% арттырса, кинотеатрлар пайдасы 49,3% ұлғайып, 16,2 млрд теңгені құрады.

Алайда аталған өнімді таратушылардың табысы 1,3% азайып, 5 млрд теңгеге түсіп қалды. ал пост прадакшн компаниялар табысы 6,5% азайып, 313,4 млн теңге болды.

Өз кезегінде дыбыс жазу студияларының табысы 4,5 есе көбейіп, былтырғы 63,7 млн теңгеден биыл 288,8 млн теңгеге жетті.

Оқыңыз:   Қырғыз Республикасы Қазақстаннан құс еті мен жұмыртқа импортына заңсыз шектеу қойған