Кинотеатр билеттері қымбаттады

Елімізде кинотеатр билеттері қымбаттады, деп хабардайды ranking.kz.

Орташа баға — 1224 теңге. Ең қымбат билеттер Атырауда сатылады.

Ranking.kz деректеріне сүйенсек, мұндағы билеттердің орташа құны — 1749 теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,1 пайызға жоғары.

Астана мен Көкшетауда да билет құны қымбат. Дегенмен, Астанада баға сәл төмендеген.

Ал Қарағанды мен Оралда киноны шамамен 970 теңгеге тамашалауға болады.

Жалпы жыл басынан бері мәдениет, демалыс және ойын-сауық саласындағы қызметтер 5,2 пайызға қымбат бағаланған. Мамандар мұндай көрініс соңғы жылдары қалыпты жағдайға айналғанын айтып отыр.

Оқыңыз:   Қазақстанда қант шығаратын зауыт ашылды