Илон Маск Tesla компаниясынан қуылды

Tesla компаниясының негізін қалаушы Илон Маск алдағы үш жыл бойы компанияны басқара алмайды.

Бұл Нью-Йорк соты мақұлдаған билік пен оның арасындағы келісімнің нәтижесінде болып отыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сот қыркүйектің аяғында жарияланған келісімді түгел дерлік өзгеріске ұшыратпай бекітті.

Құжаттың бірінші нұсқасында Маск кем дегенде үш жылға Tesla директорлар кеңесі басшысының лауазымынан  кетуі керек еді, бірақ бас директор болып қала алды. Ал жаңадан бекітілген нұсқада бұл тармақ жоқ. Бұдан шығатыны, кәсіпкер барлық көшбасшылық лауазымын қалдыруға мәжбүр болады.

Сондай-ақ ол 20 миллион доллар айыппұл төлеуі керек. Бұдан бөлек Tesla Масктың барлық мәлімдемесін, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы жариялағандарын бақылайтын арнайы адамды жалдайды. Енді кәсіпкердің жазбалары модерациядан өтіп отырады.

Оқиға Масктың шілдеде салған жазбасынан басталған. Онда Маск компанияның барлық акциясын сатып алып, биржадан шығару ниеті туралы айтқан. Сөйтіп Tesla бағасы бірнеше күнге өсіп, алайда көп кешікпей Масктың оған қаражаты жеткіліксіз екені анықталған. Осыдан кейін, АҚШ-тың бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссия (SEC) өкілдері оған қарсы наразылық білдіріп, сотқа жүгінген.

Оқыңыз:   АҚШ генералдары: Ресей мен АҚШ соғысып тынады