Жолдағы шұңқыр үшін әкімдік жүргізушіге 625 мың теңге төлейтін болды

Көлік жүргізуші Ақтөбенің тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығынан 625 мың теңге өндіріп алады.

Ақтөбелік Сергей Мунтян өзінің BMW 728 көлігімен 2016 жылдың 27 мамырында жол апатына түсіп қалған еді. Жүргізуші Жеңіс даңғылымен келе жатқан. Жол бойынша көлік шұғқырға түсіп кетеді. Көлікке айтарлықтай зақым келеді. Көлік иесі заңымның жалпы құнын 625 мың теңге деп қалалық әкімдікке қарасты тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы басқармасын сотқа береді.

2018 жылдың 14-қарашасында мемлекеттік айыптаушы жүргізушінің арызын қанағаттандырды. Оның айтуынша, көлікке зақым келгеніне қалалық ТКШ кінәлі.

Оқыңыз:   Назарбаев: Қала қабырғасымен емес, адамдарымен көрікті