Жеке кәсіпкерлердің 70%-ы тендерге қарап отыр

Отандық бизнес биліктің мойнына мініп алған. Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы елдегі кәсіпкерлік саласы жөнінде осылай шағымданды, деп хабарлайды abctv.kz.

Оның пайымдауынша елімізде жеке кәсіпті қол еткендердің 70 пайызына жуығы мемлекеттік және квазимемлекеттік салалардың ұсынатын тендерлеріне қарап отыр. Президенттің экономикадағы мемлекеттің үлесін азайту туралы тапсырмасы қалтарыста қалғандай дейді сенатор.

«Қазіргі таңда елімізде бизнестің дамып жатқаны жасырын емес. Бірақ олардың көбі мемлекеттік сатып алумен күндерін көріп отыр. Яғни, мемлекеттің берері не болады деп бағамдауда. Экономикадағы мемлекеттің үлесі аса үлкен екені анық байқалады. Бұлай болған жағдайда жеке кәсіпкерлік деген сөздің мәні жоғалады», — деді Мұрат Бақтиярұлы.

Оқыңыз:   Ұлттық нақыштағы киімдер сатылатын павильон ашылды