Жаңа үйлер қай қалада көптеп салынып жатыр?

Жалпы, қаңтар-қыркүйек аралығында елде 8.8 млн шаршы метр үй салынды. Бұл өткен жылғыдан 11.6% артық.

Алматыда биылғы жылдың тоғыз айында өткен жылдың тоғыз айымен салыстырғанда үй құрылысы 15.5% артты.

Ал Астанада керісінше 10.7% төмендеді. Жалпы, Астанада соңғы 7 айдан бері үй құрылысы бәсеңдеп келе жатыр.

Статистика комитетінің мәліметінше, елдегі 15 өңірде үй құрылысы өсім көрсеткен. Ең көбі Алматы облысы (+59 %), Шымкент (+48.6 %) пен Маңғыстау облысы (+37 %).

Кері динамика елдегі екі басты қаладан бөлек Қызылорда облысында да байқалады (—13.7 %).

Жалпы, қаңтар-қыркүйек аралығында елде 8.8 млн шаршы метр үй салынды. Бұл өткен жылғыдан 11.6% артық. Соның ішінде 7.8 млн шаршы метрді жеке меншік құрылыс компаниялары салған. Соның ішінде 4.6 млн шаршы метр жер үйлерге тиесілі.

Жыл басынан бері 77 099 пәтер салынды. Көшбасшылар қатарынла Астана (17 984 пәтер), Алматы (11 186) мен Маңғыстау облысы (7 723). Аутсайдерлер СҚО (668 пәтер), Павлодар облысы (1 411) мен ШҚО (2 313).

Оқыңыз:   Ипотекасы барларға салық жеңілдігі берілді