Еуразиялық одақтағы саудаға рубльді енгізу ұсынылды

Мәскеуде өткен «Еуразиялық экономикалық интеграция» конференциясында Ресей қаржы министрінің орынбасары Сергей Сторчак ЕАЭО елдерінің екіжақты саудасының 80 пайызы рубльде жүретінін айтты.

Еуразиялық одақта долларсыздандыру және ұлттық валюталарды ілгерілету туралы айтқан пікірінде ол бүгінде Еуразиялық Даму банкінің осы банкке қатысушы мемлекеттердің қаржы институтаттары мен мемлекеттік құрылымдарының қатысуымен арнайы реттеушілік жүйе құруы керектігін айтты.

Оның пікірінше, бұл Еуразиялық кеңістікте долларсыздандыру мен ұлттық валюталарды ілгерілетуге мүмкіндік береді.

«ЕДБ — біздің жоба емес. Дегенмен, бұл институттың дамуы жоспарланғандағыдан баяу жүріп жатыр. Ұлттық валютадағы сауда туралы айтар болсам, бір нәрсе анық, қарапайым көпшілік үшін ұлттық валютамен сауда жасаған жақсы. Ресей капитал, жұмыс күші мен шикізат беретін үлкен нарық. ЕАЭО үшін рубльмен есептесу басымдыққа ие. Екіжақты қатынаста импорт пен экспорттың 80 пайызы рубльмен жасалады. Біздің одақта доллардың үлесі аз», — деді орыстың министр орынбасары.

Оқыңыз:   БҰҰ-ның ендігі бас хатшысы әйел адам болуы мүмкін