Шетел валютасындағы депозиттің пайызы төмендейді

2017 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Қазақстандық Несиені Кепілдендіру Қоры (ҚНКҚ) жеке тұлғалардың шетел валютасындағы депозиттің сыйақы құнын жылына 1 пайызға дейін төмендетеді. 

«Дегенмен, ұлттық валютадағы депозиттің ұсынылған сыйақы мөлшерлемесі сол күйі қалады», — делінген қордың хабарламасында.

2017 жылдың 31 қазанындағы ҚНКҚ директорлар кеңесінің шешіміне сай, максималды ұсынылған сыйақы мөлшерлемесі:

— теңгедегі максималды құны жылына 14%,

— шетел валютасындағы максималды құны жылына 1% деңгейінде бекітілді.

Осылайша, қазіргі таңда жылына 1,5 пайызға көбейетін шетел валютасындағы депозит енді жылына 1 пайызға дейін көбеймек.

 

Оқыңыз:   Теңгенің долларға шаққандағы бағамы бір айлық минимумға түсті