Бюджет түсімі 17 пайызға артты

2018 қаңтар-қазан аралығында республикалық бюджетке салықтық түсімдер шамамен 6,4 трлн теңге болды.

Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 17,1% артық.

Алматы аталған уақытта республикалық бюджетке 1,5 трлн теңге, Атырау облысы 1 трлн теңге, Астана 848,4 млрд теңге аударды.

Маңғыстау облысы 327,5 млрд теңге, Қарағанды облысы 321,1 млрд теңге, Алматы облысы 309,4 млрд теңге, Ақтөбе облысы 291,7 млрд теңге, ШҚО 243,9 млрд теңге, БҚО 241,5 млрд теңге, Павлодар облысы 216,2 млрд теңгеге толтырды.

Түркістан облысы 211,6 млрд теңге, Қостанай облысы 127,7 млрд теңге, Ақмола облысы 123,2 млрд теңге, Қызылорда облысы 105,1 млрд теңге, Жамбыл облысы 66,8 млрд теңге, СҚО 62,2 млрд теңге, ал Шымкент 26,2 млрд теңге аударды.

Оқыңыз:   Жүк вагондарын жасауға жұмсалатын БЖЗҚ қаржысы қайтарылады