Болашақта «Made in Internet» деген өндіріс пайда болады

Alibaba Group негізін қалаушы Джек Ма Мәскеудегі «Сандық экономика: Қоғам, бизнес, мемлекет» атты жиында алдағы отыз жылда интернеттің мұнайдан да маңызды болатынын айтты. 

«Интернет пен сандық технологиялар көптеген мәселелердің шешімін табады. Нәтижесінде адамдар бақыттырақ болады. Қазір жаһандану әділетсіз жүріп жатыр. Шамамен 60 шақты компания үстемдік етуде. Дегенмен, кейінгі ұрпақ өз орнын табуы керек. Алдағы уақытта әлемдегі адамдардың 80 пайызы интернетке қол жеткізеді. Менің ойымша, «үлкен жиырмалықтың» орнына «үлкен екі жүздік» болуы тиіс. Электронды коммерция мен электронды экономика шекараларды өшіреді. АҚШ-та ма, Қытайда ма, тауардың қайда өндірілетіні маңызды болмай қалады. Өндіріс дамып, онымен жасанды интеллект айналысады. Сол үшін балаларды қазір ескі тәсілмен үйретуді тоқтату керек», деді Джек Ма.

Маның айтуынша, жасанды интеллек бәрібір адамзаттан ақылды болады. Дегенмен, олар адамзатты алмастыра алмайды.

«Біз роботтарды қанша шығарсақ та, робот робот ретінде, адам адам ретінде қала береді. Өйткені адамдарда құндылық пен руханият бар. Роботтар адамдардың жұмыс орнын тартып ала алмайды. Керісінше, жаңадан мамандықтар пайда болады. Мәселен, бірінші индустрияландыру кезінде көптеген жұмыс орнын роботтар алды. Есесіне жаңа мамандық түрлері пайда болды», дейді Ма.

Оқыңыз:   Lada Largus жаңа минивэн шығарды (фото)