Биыл мұнай өндірісі тарихи рекордқа жетті

Мұнай өндіру көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 4,7% өсіп, биыл рекордтық 90,3 млн тоннаға жеткен екен.

Соның ішінде, үш ірі жоба бойынша мұнай өндіру көлемі 53,9 млн. тоннаны құрайды. Атап айтар болсақ, Қашағандағы өндіріс былтырғыдан 20 пайызға артып, 3,2 млн тоннаға, Теңізде 3,3 пайызға артып 28,6 млн тоннаға, ал Қарашығанақта 0,8 пайызға артып 12,1  млн тоннаға жетті. Мұның бәрі қара алтын экспортының былтырғыдан2,4 пайызға артып 71,5 млн тоннаға жетуіне септігін тигізді. Ал мұнай өңдеу көлемі былтырғыдан 8 пайызға ұлғайып биыл 16,1 тоннаны құрады.

«Газ өндіру көлемі жоспарланған көрсеткіштен жоғары, 54,8 млрд. текше метрге жетті. Тауарлық газ өндірісі былтырғыдан 4,4 пайыз өсіп 33 млрд текше метрге, сұйытылған газ өндірісі 3,4% өсіп 3 млн тоннаға жетті», — деп мәлімдеді елдің бас энергетигі. Осы орайда, газдың экспорт көлемінің де 2017 жылмен салыстырғанда 10,4%  артып, 19  млрд текше метрді құрағаны да айтылды.

Жылдың басты жетістіктерінің бірі ретінде экономикалық ынтымақтастық аясында Қытайға жыл сайынғы 10 млрд текше метр көгілдір отын экспорттау туралы келесімге қол жеткізілгенін атауға болады. 2017 жылы Қытайға 1,1 текше метр газ экспортталса, 2018 жылы бұл көрсеткіш 5,8 млрд текше метрге жетті.

Оқыңыз:   АҚШ мұнай қоры теңгені әлсіретті