Биткойн бағасын екі рет дәл болжаған сарапшының үшінші жорамалы

Биткойн сарапшысы Ронни Моас криптовалютаның осы түрінің құны алдағы уақытта қанша болатынын айтты.

Сарапшы 2017 жылдың шілде айында биткойн жақын уақытта $5000 болады деп болжаған еді. Ол кезде баға $3000 болатын. Артынша, жыл соңына қарай $7500 жетеді деп жорамалдады. Өткен апта биткойн дәл осы бағаға көтерілді.

Енді сарапшы биткойн бағасы 2018 жылы $11000 болады деген болжам жасап отыр.

Сарапшының айтуынша, биткойн құны 3 жылдан кейін $20 000, ал 10 жылдан кейін $50 000 болмақ.

Роннидің пікірінше, бес жыл ішінде биткойн Apple-дан да асып түспек.

Қазіргі таңда адамзаттың 0,5%-ы биткойн сатып алған. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш 5%-ға жетпек.

 

 

Оқыңыз:   Криптовалютаға рұқсат берген және тыйым салған мемлекеттер