Баланс бұзылды. Орыстар Қазақстанның арзан бағасына ағылуы мүмкін

Бірер жыл бұрын рубль құны 2,5 теңгеге дейін қымбаттап кеткен кезінде қазақстандықтардың Ресейдің шекаралас аймақтарына сауда жасауға ағылғаны анық.

Өткен апта басынан бері тұрақты түрде әлсіреген теңге кеше 9 айылық минимумға дейін түсіп, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 341 теңгеден асып кетсе, рубльдің бағамы 5,9 теңгеге шығып, валюта айырбастау пунктерінде 6 теңгеге дейін қымбаттады. Сала мамандарының айтуынша, алдағы уақытта рубльдің бағамы әлі де көтеріле түсуі ықтимал.

Айта кетерлігі, мұнай бағасы да апта басынан бері көтеріліп жатыр. АҚШ-тағы дауылдан кейін елдің жанармай қоры азайып, мұнай өңдеу зауыттарының жұмысы бәсеңдегендіктен, қара алтын қны күрт көтерілген. Нәтижесінде мұнай бағасы бүгін 54,15 долларға дейін қымбаттап отыр.

Өз кезегінде доллардың өзіндік құны да қымбаттамаған. Керісінше, еуроға шаққандағы бағамы төмендеп келеді.

Осы факторларға қарамастан Қазақстанның ұлттық валютасының әлсіреуін сала мамандары ішкі нарықта теңгеге деген сұраныстың төмендігімен түсіндіреді.

Бірнеше жылдан бері теңгенің рубльге шаққандағы бағамы 5,5 шамасында сақталып келген еді. Бұл бағам Қазақстанның да, Ресейдің де экономикалық ахуалына ыңғайлы болған. Осы курстың тұрақты сақталуы екі ел арасындағы бағаның балансын сақтап келді.

Бірер жыл бұрын рубль құны 2,5 теңгеге дейін қымбаттап кеткен кезінде қазақстандықтардың Ресейдің шекаралас аймақтарына сауда жасауға ағылғаны анық. Оған себеп айырбас бағамынан кейін тауардың қазақстандық тарап үшін екі есе арзанға түсуі болған. Ал бұл жолы жағдай керісінше болуы әбден мүмкін. Бағам екі есе көтерілмегенімен, 6 теңгенің рубльі орыстардың техника мен көлікті Қазақстаннан арзанға алуына итермелеп, тіпті жанармайдың да нарығына кері әсер етуі мүмкін.

Ал өз кезегінде жанармайдың сұрынысын Ресейден қанағаттандыратын Қазақстанда бензин бағасы алдағы уақытта көтеріліп кетуі ықтимал.

Оқыңыз:   Сәуірде Қазақстанда үй бағасы арзандайды