Ақышев рубльдің қымбаттау себебін түсіндірді

Бүгін ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Алматыда журналистермен өткен кездесуде рубль құнының не себепті 5,9 теңгеге дейін қымбаттап кеткенін айтты. 

«Теңгенің қазір бағамы еркін айналымда. Сол себепті рубль паритеті 5,5 теңге айналасында деп айтуға болмайды. Бұл еркін нарық», — деді бас банкир.

Оның айтуынша, рубль құнының артуы орыс валютасына деген сұраныстың көбеюімен байланысты.

«Екі елдің валютасын мемлекеттердің экономикалық деңгейі белгілейді. Рубльдің қымбаттауы осы валютаға деген сұраныстың артуына байланысты. Өйткені Қазақстан импортты негізінен Ресейден алады. Сол үшін ол жақтың валютасы қымбаттап отыр», деді Ақышев.

 

Оқыңыз:   ЦентрКредит банкінің табысы 2,5 есе көбейді