Ақышев алдағы уақытта банктерге көмектесе беретінін айтты

Ұлттық банк мұнай бағасының арзандауы кезінде Қазақстан Республикасының 2019-2023 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына өзгеріс енгізуді қолдайды, деді ҰБ төрағасы Данияр Ақышев.

«Теңгенің болжамды бағамы біз үшін басты ориентир саналмайды. Ұлттық Банк теңгенің еркін айналымы саясатынан бас тартпайды», — деді Ақышев.

Бас банкирдің айтуынша,Ұлттық банк орта мерзімде инфляцияны 4 пайыз етуге жұмыс істейді. Экономикадағы инфляциялық фон өте жоғары. 2019 жылы инфляцияның белгіленген шектен шығып кету қаупі бар.

Оның пікірінше, инфляцияны ұстау үшін ақша-несие саясатын қатаңдату керек. Дегенмен, базалық мөлшерлеме нақты көрсеткіште экономиканың ұзақмерзімді өсімінен асып кетпейді.

«Ұлттық банк банктерді сауықтыру мен тұрақтылықты қамтамсыз етуде жүйелі жұмыстарын жалғастырады. Бұл банктердің несиелік белсенділіктерін арттырады», — деді бас банкир.

 

Оқыңыз:   Ұлттық банк Forex брокерлінің жұмысын қадағалайды