АҚШ-тың ең ірі бес тех компаниясы бір күнде $172 млрд жоғалтты

Кеше Facebook, Apple, Amazon Netflix пен Google компанияларының акциялары күрт арзандады. 

Технология саласындағы ірі бестіктің акцияларының құлдырауынан бұлар жалпы құны $172 млрд долларға кедейленді. Бұл дегеніңіз Toyota компаниясының жалпы нарықтық құнына немесе Алжир мемлекетінің ішкі жалпы өніміне тең.

Жекелей айтқанда Amazon акциялары арзандап, $56 млрд-ынан айырылса, Apple компаниясы акциясы 4.6% құлап, $51 млрд жоғалтты. Apple компаниясының бір күнде жоғалтқан ақшасы General Motors компаниясының жалпы нарықтық құнына тең.

Пайыздық көрсеткішпен ең қатты кедейленгені Netflix компаниясы екен. Бұл компаниның акциялары 8% арзандап, жалпы құны $13 млрд-тан айырылды.

Өз кезегінде Facebook акциялары 4% құлдырап, $15.7 млрд жоғалтты. Ал Google акцияларының бағасы 4.6% төмендеп, $36.7 млрд теңгеге кедейленіп қалды.

Оқыңыз:   Қазақстанда салық төлеу процесі оңайлантылып жатыр