АҚШ билігі әр жылқыны 1 долларға сатып жатыр

АҚШ-тың Калифорния штатында жылқы саны көбейіп кеткендіктен жергілікті билік әр жылқыны 1 долларға сататын болып шешті.   

Штат аймағында иесіз үй жылқыларының көбейіп кетуіне байланысты жергілікті билік осындай шешім қабылдап отыр екен.

Билік өкілдерінің мәліметінше, буаз және жас жылқылар малданам деген азаматтарға тегін берілмек. Ал ұсталған 1000 жылқының басым бөлігі мал ұстайтын шаруашылығы бар тұрғындарға 1 долларға сатылмақ. Әр жылқыны 1 долларға сатып алған азамат кейін оны малдануына да, немесе сойып тастауына да ерікті.

Айта кетейік, Калифорния штатының солтүстігіндегі Мобок Ұлттық Орманының аумағындағы Девилс Гарден төбесінде иесіз үй жылқылары көптеп мекендейді. Өткен айда жергілікті билік иесіз үй жылқыларының көбейіп кетуіне байланысты, нақтырақ айтсақ, жылқы басының 4 мыңға жетуіне байланысты жоғарыдағыдай шешім қабылдаған. Билік өкілдерінің айтуынша, егер жануар популяциясы шектен асып кететін болса, онда жайылым мен су тапшылығы туындамақ.

Билік өкілдері жылқы асыраудың шығыны көп болғандықтан әр жылқыны бар болғаны 1 долларға сатуға мәжбүр болып отыр.

Оқыңыз:   Жапония мен Ресей даулы арал туралы ортақ сөзге тоқтады