Астана мен Атырау облысы инфляцияны күшейтіп тұр

2018 жылдың қазан айында инфляция 0,4 пайызды құрап, жыл басынан бері 3,7 пайызға жетті.

Өткен айда азық-түлік орта есеппен 0,3 пайызға қымбаттаса, азық-түлік емес тауарлар 0,7 пайызға, ақылы қызметтер 0,2 пайызға қымбаттады.

Ал жыл басынан бері азық-түлік 2,6 пайызға, азық-түлік емес тауарлар 5,1 пайызға, ақылы қызметтер 3,5 пайызға қымбаттады.

Өңірлер бойынша ең жоғары инфляция Астана (4,2 пайыз), Атырау облысы (4 пайыз) және Маңғыстау облысы (3,9 пайыз).

Оқыңыз:   Қазақстандағы банктердің киберқауіпсіздігін сақтайтын ортақ жүйе құрылуда