Астанада үй қымбаттап жатыр

Өткен апта Астанада үй қымбаттаса, Қарағандыда арзандап, Алматыда өзгеріссіз қалды.

Алматыдағы орташа баға шаршы метріне 429 800 теңгені құрады. Шаршы метрдің құны да, жалпы үй бағасы да тұрақты сақталды.

Ал Астанада бір апта ішінде баға шаршы метріне 348 200 теңге болып, пәтердің орташа бағасы шамамен 3% қымбаттады. Сонымен қатар, нарықтағы ұсыныс та 7 пайызға артты.

Ал Қарағандыда керісінше шаршы метр 4 пайызға арзандап, 210 700 теңге болды. Ұсыныс көлемі 3 пайыз азайып кетті.

Оқыңыз:   Ипотека алған адам қайтыс болса, қарыз кімнің мойнына жүктеледі?