Астанада криптовалютамен төлем қабылдайтын пиццерия ашылды

Астана тұрғындары мен қонақтары криптовалютаға пицца сатып ала алады.

Қазақстандық фаст-фуд нарығындағы бұл жаңалықты «Nexxiopizza Астана» директоры Арслан Айнакулов енгізіп отыр, деп хабарлайды Капитал басылымы.

Астанада бұл дәмхана 8 ай бұрын ашылған. Алайда бұл бренд әлем нарығында 15 жылдан бері жұмыс істеуде. Франшизаның шыққан қаласы Орал қаласы.

Nexxiopizza франшизасын сатып алған Арслан өз айналымындағы қаражаттың 3%-ын беріп отырады.

Дәмхана қазіргі таңда күніне 150 пицца сатады. Ай сайынғы өсім 20−30%.

Дәмхана иесінің айтуынша, криптовалютамен төлем қабылдауға итермелеген фактор сандық валютаның қарқынды өсімі.

 

 

Оқыңыз:   Астық тұқымдарын субсидиялау тәртібі өзгереді