Астанада жаңа «Сапаржай-2» автостанциясы ашылды

«Сапаржай-2» жаңа автостансасымен сегіз қалааралық бағыт бойынша қатынауға болады. 

Астаналықтар мен транзиттік жолаушылардың жайлылығы үшін қаладан енді «Сапаржай-Астана» автовокзалынан бөлек, «Нұрлы жол» теміржол вокзалындағы жаңа «Сапаржай-2» автостансасынан қатынауға болады.

«Біз ертең бірінші бағдарды іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бүгін ашылуы болып жатыр, кассадан билет сатып алуға болады. Ертең сағат  07:40 кезінде «Нұрлы жол» вокзалынан Қарағанды мен Степногорск қалаларына бірінші рейсті жібереміз. Бізде оңтүстік бағытқа Қарағанды тасжолы арқылы қатынайтын сегіз қалааралық бағдар бар (Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Тараз, Шымкент, Сарыағаш, Алматы, Қызылорда). Оның екеуі – Сарыағаш пен Тараз тек қана жаз мезгілінде қызмет көрсетілетін маусымдық бағдар. Қалғандары жыл бойы істейді», — деді «Астана-Сапаржай» ЖШС директорының орынбасары Ғалымжан Өміралиев.

Бұдан бөлек, бес облысішілік бағдар: Степногорск, Көкшетау, Державинск, Ерейментау, Қорғалжын.

Ғалымжан Өміралиев түрлі нүктеден шыққанына қарамастан баға өзгермейтінін атап өтті. Автостанса сол жағалау мен «Нұрлы жол» вокзалына жақын тұратын тұрғындардың жайлылығы үшін іске қосылды.

Автостансаның басты басымдылығы қала ішіндегі көлік трафигінің жүктемесін азайтады. Маусымнан тыс кезде ауысымда жеті адам жұмыс істейді, оның үшеуі – диспетчер. Билеттерді ресми сайт пен вокзал аумағында орналасқан терминалдар арқылы және Kaspi, Касса 24, Qiwi терминалдарынан алуға болады.

«Қазіргі уақытта бізде 9 бағдар «Нұрлы жол» вокзалына қатынайды, сондықтан оның санын көбейту қажеттілігі жоқ. Бірақ болашақта оларды көбейту мәселесін қарастыратын боламыз», — деді «Астана ЛРТ» ЖШС-ның басқарма төрағасының орынбасары Бейбіт Есжанов.

астана

Оқыңыз:   Астананың қонақүйлеріндегі нөмірлер күрт қымбаттады