Астанада бірнеше мамандық тегін оқытылады және стипендия беріледі

Астана қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға топтарды құрау үшін қосымша жазылу жүргізіп жатыр. 

Атап айтар болсақ, тігінші, аспазшы, наубайшы, даяшы, электромонтер, сандық, компьютерлік сауаттылық үйретіледі. Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі (міндетті түрде педагогикалық білімі бар болуы керек), бақылаушы-кассир, саудадағы менеджер, тігінші, ағылшын тіліне де оқыту жүргізілуде.

Бағдарламаға қатысушылар тегін оқытылады әрі 16 759 теңге көлеміндегі стипендиямен қамтамасыз етіледі, өзге қалалықтарға тұрғын үйді жалға алуға кеткен шығынды өтеу қарастырылған. Оқу мерзімі 1 – 3 ай.

Оқуды сәтті аяқтағаннан кейін біліктілікті иеленуі жайлы куәлік беріледі және алған мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі.

Барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайға хабарласуға болады: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 25, («Өркен» ІО) 2 қабат, каб.202/2, тел.: 95-44-16, 57-89-78

Оқыңыз:   Бес банк білім алуға несие береді