Астанада автодрифттен чемпионат өтіп жатыр (ВИДЕО)

Астана қаласында автоспорттың дрифт түрінен Қазақстан чемпионатының төртінші ақтық кезеңі өтуде.

Автоспорт әлеміндегі аталмыш шараға жүздеген астаналықтар мен қала қонақтары жиналды. Жарысқа 29 экипаж қатысуда. Дрифттен Қазақстан чемпионы атағы үшін кәсіпқойлар мен әуесқойлар бақ таластыруда.

Астана қаласының автомотоспорт федерациясының президенті Анатолий Бондарьдың айтуынша, негізгі талаптар — қатысушылардың қорғаныс костюмдері, көліктердің сақадай дайын болуы. Әрбір болт өз орнында тұрғанын, орындықтардың бекітілгенін, қауіпсіздік белдіктері мен өрт сөндіргіш құралдардың болуын қадағалаймыз.

Бұл спорт түріндегі ең қиыны -бұрылыста көлікке ие болу. Бұл ретте, жиналғандарға әсер сыйлап, ұпайларға ие болу үшін асфальт үстінде айналдыра сырғанау қажет. Қатысушыларға ұпайлар кедергілерді дұрыс өткені үшін, бұрылыстан өткен уақыты мен машығы үшін, сондай-ақ жұп болып жүруде машиналардың синхрондығы мен ара-қашықтықты сақтай білгені үшін беріледі.

Ең үздіктер дипломдар мен бағалы сыйлықтар, сондай-ақ жаңа разряд алатын болады.

Дерекөз: ҚазАқпарат

Оқыңыз:   Қазақстандағы Megasport спорттық дүкендер желісі жабылды